08
май
2019
«Мәңгілік естеліктің өшпес жалыны»
08.05.2019ж күні Жарқын орта мектебіндегі №4 жоба «Денсаулық» жобасының оқушылары, ата-аналары, жетекші ұстаздардың қатысуымен 9-мамыр Ұлы жеңіс күніне арналған «Мәңгілік естеліктің өшпес жалыны» тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шараға жобаның 19 оқушысы, 3 ата-ана, 5 жетекші қатысты. Шара барысында бастауыш сынып оқушылары жеңіс күніне арналған өлең жолдарын, орта буын оқушылары тамаша атамекен тақырыбында әндерін салды. Жоба жетекшісі А.Серкешбаева оқушылардың Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-бабалары жөнінде слайд көрсетіп, тылда жұмыс жасаған әжелеріміз жөнінде айтып кетті. Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-бабаларымызды ұмытпай, әрқашан есте сақтайтынымыз айтылды.


