8-наурыз
№1 жоба «Патриот пен азамат демократиялық қоғамға»
Тақырыбы: «Анашым ,құдыретіңе табынамын»
Мақсаты:
1. Ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту.
2.Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
3.Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Мерекенің шығу тарихына тоқталып,халықаралық деңгейде тойланатыны жөнінде тарихи деректер айтылды. «Анашым, мен сізді жақсы көремін» видеоролигі көрсетіліп оқушылардың пікірлері тыңдалды. Лотерея билеттері ойнатылды. осы билеттерді аналар кезектесе алып онда жазылған тапсырмалар бойынша мерекелік кеш жалғасын тапты.
Нұрай «Менің қос бәйтерегім» ,Ерасыл «Асыл анам» әндерін тарту етті.
«Соқыр Ана» көрінісі көрсетілді. «Орындықтың сыйқыры»ойыныойнатылды.
Сурет салу «Бала бейнесі» Аналар творчествосы,«Гүл сыйлаймын» Балалар творчествосы да өте сәтті орындалды.«Ақындар аналарын жырға қосады» әдебиоқуларын мәнерлеп оқыды.Аналар жайлы мақал мәтелдер сайысында оқушылар алғырлық көрсетті
Викториналық ойындар «Қазақ қызы» тақырыбында өрбіді. АНАЛАР ЖАЙЛЫАҢЫЗдар тыңдалып ой пікрлерін ортаға салды
« Анашым, құдіретіңе табынамын» әніменмерекелік салтанатымызды тамамдалды.