03
декабрь
2025
"Жеке қауіпсіздік және баланы зорлық зомбылықтан қорғау".
03.12.2025ж күні Жарқын орта мектебінде Ата аналарды педагогикалық қолдау орталығының кезекті сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы: "Жеке қауіпсіздік және баланы зорлық зомбылықтан қорғау". Мақсаты ата-аналардың, баланың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның жеке шекараларын сақтау, зорлық-зомбылық белгілерін дер кезінде тану және дабыл сигналдарына сай әрекет ету бойынша дайындығын қалыптастыру. Сабақ барысында физикалық, психологиялық зорлық зомбылықтардың барлық түрлері айтылып, алдын алу, қорғау шаралары үйретілді. Рефлексия кезінде ата аналар педагогтерге алғыстарын айтып, көп нәрсені үйренгендіктерін белгіледі. Жауаптылар педагог психолог А.Оразбаева, әлеуметтік педагог М.Бекенова


