06
март
2019
Бүлдіршіндер және парасатты арулар"
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде 06 наурыз күні "Сымбат" қыздар клубының ұйымдастыруымен 8-наурыз халықаралық әйелдер күнінен орай "Бүлдіршіндер және парасатты арулар" атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: 8 наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасыныңберекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, өмір гүлі аналарды, нәзік жанды қыздарды сыйлауға үйрету. Іс-шараға мектебіміздің 42 қыз баласы қатысты. Қыз балалар өткізілген сайыстар нәтижесінде "Күлбике аруы", "Жылдам ару", "Бұрымды ару", "Ақылды ару", "Сенімді ару", "Биші ару", "Модельді ару", "Мейірімді ару" номинацияларымен марапатталды. Мектебіміздің ұлдары сымбатты қыздарымызға арнап мерекелік концерт қойды.




