15
сентябрь
2018
Отбасы-бақыт мекені
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде 6-14 қыркүйек аралығында «Отбасы –бақыт мекені» атты Республикалық аптаның өтуі туралы
Ақпарат
Мектеп оқушылары арасында 06.09 1-3 сынып оқушылары арасында «Отан отбасынан басталады» тренинг сабақ болып өтті. Негізгі мақсаты: Отбасында ата-аналардың балаға мейірімділік танытуы, балаларды үлкендерді сыйлау, құрметтеуге үйрету. 1-3 сынып ата-аналары белсенділік танытты. 07.09 күні 2 сынып оқушылары және ата-аналарымен «Отбасым менің қуатым» пікірсайыс өтті. Мақсаты: Отбасында ата-аналардың баланың әрбір ісіне жауапкершілікпен қарауға, бала тәрбиесіне жеткілікті уақыт бөлу, жауапкершілігін арттыру болды. 10.09 «Ата анам және мен» тренинг сабақ, 11.09 «Менің отбасым» фотоконкурс, 12.09 «Мен отбасымды мақтан тұтамын» фотоконкурс. Негізгі мақсаты: Үлгілі балалар мен отбасыларды насихаттау. 13. 09 «Ата-ананы құрметтеу – әрбір адамның қасиетті борышы» дөңгелек үстел, 14.09 «Менің отбасым қазір және болашақта» психологиялық тренинг, 14. 09 «Әке- отбасының тірегі, баласының жүрегі» атты отбасылық эстафета болып өтті. Барлық өткізілген іс-шараларға ата-аналар толық қамтылды. Іс-шараларда отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-аналарға балалар тәрбиесіндегі жауапкершілік туралы кеңестер өткізу көзделді.