Абай облысы білім басқармасының
Cемей қаласы білім бөлімінің
«Жарқын орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 467-29-59
Дир.орынбасары:
+7(747) 422-98-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" республикалық ақпараттық акция аясында "Бақытты балалық шақ және отбасылық құндылықтарды насихаттайтын жағымды бейнероликтер  көрсету
16
ноябрь
2023
"Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" республикалық
16.11.2023ж күні Жарқын орта мектебінде 8-20 қараша аралығында өтіп жатқан "Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" республикалық ақпараттық акция аясында "Бақытты балалық шақ және отбасылық құндылықтарды насихаттайтын жағымды бейнероликтердің көрсетілімін ұйымдастыру" бойынша мектептің информатика пәнінің мұғалімі О.Аубакиров 1-4 сынып оқушыларына "Ата-ана қадірі" атты мультфильмді көрсетіп, ата-аналарын, үлкендерді сыйлауға, қатыгездікке жол бермеуге шақырды. Жауапты
"Заттың тығыздығы, тығыздықтың өлшем бірлігі" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
16
ноябрь
2023
"Заттың тығыздығы, тығыздықтың өлшем бірлігі" тақырыбында ашық сабақ
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде 16 қараша күні 7-сынып оқушыларымен "Заттың тығыздығы, тығыздықтың өлшем бірлігі" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың басында оқушылар бір-біріне шеңберде тұрып "Жүрек" арқылы жылы лебіздерін білдіріп, "Додокаэдр" әдісі арқылы оқушылардың зейіні сабаққа шоғырландырылды. Сабақтың жүргізілу барысы  Prezy платформасында құрылған. Үй жұмысы "Learningap" әдісі арқылы тексерілді. Сабақтың барысында  су, май, тұз арқылы  тәжірибе жасалып, қызықты
Республикалық «Жол картасы»  жобасының негізінде  Мемлекет  басшысының  тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы
15
ноябрь
2023
Республикалық «Жол картасы» жобасының негізінде Мемлекет
Республикалық «Жол картасы»  жобасының негізінде  Мемлекет  басшысының  тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы қолға алынғандығы баршамызға аян. «Оқуға құштар мектеп» жобасы мектеп жасындағы балалардың кітапқа құмарлығын оятумен қатар, танымдық-мәдени дамуына жол ашады.  Сол мақсатқа жету жолында жас оқырмандар алдына бірнеше міндеттерді жүктейді. Ол оқушыларды оқу мәдениетіне тәрбиелеу, кітапқа деген құрмет пен сүйіспеншілігін қалыптастыру, ең бастысы кітапты оқуға
"Ақпараттанған адам, әлемді билейді" атты сайыс
15
ноябрь
2023
"Ақпараттанған адам, әлемді билейді" атты сайыс
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде  15 қараша күні информатика пәнінен 8-10 сынып оқушылары арасында "Ақпараттанған адам, әлемді билейді" атты сайыс өтті. Мақсаты: Оқушыларға XXI ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру, нақты ғылымдар ғасыры деген ұғымды  қалыптастыру.  Сайыс кезеңдері:  1.Сиқырлы ұяшық 2. Бәйге 3.Палиглот 4. Ойлан, тап  Жауапты: Г.Б. Конысбекова
«Ұлттық валюта – егемен елдің белгісі» кітапханалық сағаты өтті.
15
ноябрь
2023
«Ұлттық валюта – егемен елдің белгісі» кітапханалық сағаты өтті.
15 қараша Қазақстанның Ұлттық валютасына 30 жыл толады. Осыған орай мектеп кітапханасында «Ұлттық валюта – егемен елдің белгісі» кітапханалық сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларды Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі-теңгемен таныстыру. Іс-шара барысында кітапханашы Садуова А теңгенің қалай және қашан пайда болғанын,теңгенің қолданыстағы маңыздылығы жайында айтып, кітапхана белсенділері оқушыларға қызықты сұрақтар қойды. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде 15-қараша күні таңғы жаттығуда "Лабиринт" ойыны ойнатылды.
15
ноябрь
2023
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде 15-қараша күні таңғы
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде 15-қараша күні таңғы жаттығуда "Лабиринт" ойыны ойнатылды. Мақсаты: Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірін -бірі тыңдай отырып, бірлесе жұмыс жасауға тәрбиелеу. Жауапты: Карипбаева Л. Т. Ә.Бейсенқызы, Конысбекова Г.Б. 
"Көпмүшелер. Көпмүшенің дәрежесі және стандарт түрі. Көпмүшелерді қосу және азайту" тақырыбында ашық сабақ өтті.
15
ноябрь
2023
"Көпмүшелер. Көпмүшенің дәрежесі және стандарт түрі. Көпмүшелерді
"Жарқын"  ЖОББМ 15 қараша күні алгебра пәнінен "Көпмүшелер. Көпмүшенің дәрежесі және стандарт түрі. Көпмүшелерді қосу және азайту" тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты:  Көпмүше анықтамасын білу және оның дәрежесін табу; Көпмүшені стандарт түрге келтіру; Көпмүшелерді қосу және азайтуды үйрену. Пән мұғалімі:  Абугалиева К.С
"Ақпараттанған адам, әлемді билейді" атты сайыс өтті.
15
ноябрь
2023
"Ақпараттанған адам, әлемді билейді" атты сайыс өтті.
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде 15 қараша күні информатика пәнінен 8-10 сынып оқушылары арасында "Ақпараттанған адам, әлемді билейді" атты сайыс өтті. Мақсаты: Оқушыларға XXI ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру, нақты ғылымдар ғасыры деген ұғымды қалыптастыру. Сайыс кезеңдері: 1.Сиқырлы ұяшық 2. Бәйге 3.Палиглот 4. Ойлан, тап Жауапты: Г.Б. Конысбекова
"Жас сарбаз"клубының мүшелері арасында саптық дайындық өткізілді.
15
ноябрь
2023
"Жас сарбаз"клубының мүшелері арасында саптық дайындық өткізілді.
"Жарқын ЖОББМ"КММ 15.11.23ж "Жас сарбаз"клубының мүшелері арасында саптық дайындық өткізілді. Мақсаты: Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие бере отырып,сап ережелерімен таныстыру.АӘД пәні мұғалімі Ә.Сексенбаев.