15
ноябрь
2023
Республикалық «Жол картасы» жобасының негізінде Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы
Республикалық «Жол картасы» жобасының негізінде Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы қолға алынғандығы баршамызға аян. «Оқуға құштар мектеп» жобасы мектеп жасындағы балалардың кітапқа құмарлығын оятумен қатар, танымдық-мәдени дамуына жол ашады. Сол мақсатқа жету жолында жас оқырмандар алдына бірнеше міндеттерді жүктейді. Ол оқушыларды оқу мәдениетіне тәрбиелеу, кітапқа деген құрмет пен сүйіспеншілігін қалыптастыру, ең бастысы кітапты оқуға құштарлығын шыңдау болып табылады. Оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру жолында көркем әдебиетті оқу арқылы тіл тазалығын сақтап, ұлттық тәрбиеге деген қызығушылығын ояту басты нысана болары белгілі. Осыған орай мектеп кітапханасында әр бейсенбі күні оқушылар оқу сауаттылығын арттыру мақсатында мәтін оқып, тапсырмалар орындайды. Кітапханашы :Садуова А
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы #Ата аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_Абай_облысы

#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы #Ата аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_Абай_облысы

