24
январь
2023
"Сананың өзгеруі тәрбиеден"
Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Карипбаева Лаура Толегеновна 24.01.2023 күні Семей телеарнасының "Сәлем, Семей" таңғы сазды-ақпаратты бағдарламасында "Сананың өзгеруі тәрбиеден" тақырыбында мектебіміздің тәрбие жұмысының жүргізілу барысымен сұхбаттасты. Сұхбат барысында мектептегі тәрбие жұмысының ұйымдастырылуына,ата-ана ,мұғалім,бала арасындағы үштік одақ жұмысына тоқталды. Республикалық жобалар "Оқуға құштар мектеп","Мектеп парламенті" жобасының жүзеге асырылуы туралы ой бөлісті. Балаға тәрбие мен білім беруде құндылықтарды үйретуде Сейілбек Мырзабайдың "Балалықтан даналыққа" кітабының маңызы зор екендігін атады. Сөз соңында осы жұмыстарды атқарудағы әріптестерге сәлем жолдады. Мектептегі игі істер жалғасын таба беретіндігін білдірді

