07
ноябрь
2023
"Позитивті ата-ана" жобасы аясында 1-сынып оқушыларының ата-аналарымен "Отбасы – бақыт бесігі. Ата-аналар өмірінің жобасы – бақытты адам" тақырыбында педагогикалық сабақ өтті.
07.11.2023ж күні Жарқын орта мектебінде "Позитивті ата-ана" жобасы аясында 1-сынып оқушыларының ата-аналарымен "Отбасы – бақыт бесігі. Ата-аналар өмірінің жобасы – бақытты адам" тақырыбында педагогикалық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты ата-аналарды педагогикалық қолдау, баланың бақытты өмірінің негізі ретінде оның әл-ауқатын қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастыру. Сабақ барысында 2022 жылы Қазақстанда қабылданған «Балалардың хал-ахуалы индексі» мемлекеттік құжатында берілген«хал-ахуал» ұғымы баланың физикалық және психикалық денсаулығын қолдауға және жақсартуға, сапалы білім берумен, даму мүмкіндіктерімен, қауіпсіздігімен және басқа да жағдайлармен қамтамасыз етуге бағытталған факторлардың жиынтық әсері кезінде қалыптасқан баланың жай-күйі ретінде айқындалатындығы айтылды. Ата-аналарға саламаттылықтың: Физикалық, когнитивті, эмоционалдық, әлеуметтік төрт түріне түсініктеме берілді. Ата-аналар тақырып бойынша постер қорғап, бала тәрбиесі жөнінде бейнероликтер көріп, өз ойларын ортаға салды.Мектеп психологы: А.Оразбаева. 1 сынып жетекшісі:Қ.Баймухашева.#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы#Ата-аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_Абай_облысы




