21
май
2025
Елімізде мамыр айының төртінші аптасында өтетін «Білімім – Отаныма!» республикалық сынып сағаттары ұйымдастырылады. Осыған орай оқу жылын қорытындылап, жазғы демалыс уақытын тиімді жоспарлау, өз іс-әрекетін рефлексиялау, сыни ойлау дағдыларын дамыту
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдесінде №194 «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының
2-қосымшасындағы жоспарына сәйкес, Елімізде мамыр айының төртінші аптасында өтетін «Білімім – Отаныма!» республикалық сынып сағаттары ұйымдастырылады. Осыған орай оқу жылын қорытындылап, жазғы демалыс уақытын тиімді жоспарлау, өз іс-әрекетін рефлексиялау, сыни ойлау дағдыларын дамыту үшін білім алушылар арасында эссе байқауын ұйымдастыру ұсынылады.
16:16
Өту мерзімі екі кезеңнен тұрады:
1-кезең. 2025 жылғы 12-20 мамыр аралығында тақырыптық эссе жазу.
2-кезең. 23 мамыр күні өтетін «Білімім – Отаныма!» республикалық сынып сағаттары аясында байқауды қорытындылау, үздік жұмыстарды оқу және авторларын марапаттау
Ұйымдастыру іс-шаралары:
Әр мектепте қазылар алқасы құрылады (әкімшілік, педагогтер, ата-аналар комитетінің өкілдері).
Әр сынып бойынша 3-5 үздік жұмыс анықталады.
2025 жылдың 23 мамырында жеңімпаздар ашық тәрбие сабағында эсселерін таныстырады.
Жеңімпаздарға мақтау хаттар тапсырылады.
16:16
1–4 сыныптар: «Таза Қазақстан» тақырыптық бағытында:
Сен «Таза Қазақстанға» қандай үлес қоса аласың?
Қоршаған ортаның тазалығын сақтау үшін не істеу керек?
Мен табиғатты қорғаймын, себебі...
5–9 сыныптар: «Заң және тәртіп» тақырыптық бағытында:
Заң мен тәртіп сақталу үшін не істеу керек?
Заңды орындау қоғамның дамуына қалай әсер етеді?
Сен қоғамдық тәртіпті орнатуға қандай үлес қоса аласың?
10–11 сыныптар: «Адал азамат» тақырыптық бағытында:
Сен үшін «Адал азамат» деген кім?
Қоғамның дамуына адалдық қалай әсер етеді?
Ар-ұждан мен намыс адалдыққа қалай әсер етеді?