Абай облысы білім басқармасының
Cемей қаласы білім бөлімінің
«Жарқын орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 467-29-59
Дир.орынбасары:
+7(747) 422-98-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2018 - 2019 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы
04
сентябрь
2018

2018 - 2019 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы

№ исх: 11-2/100   от: 07.02.2019
№ вх: 001-2/965   от: 08.02.2019
         Астана қаласыгород Астана


2018 - 2019 оқу жылын аяқтау және

орта білім беру ұйымдарының

білім алушыларын қорытынды 

аттестаттаудан өткізу туралы

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкессондай-ақ меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2018-2019 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Оқу жылын аяқтаудың мынадай мерзімдері белгіленсін: 
1) Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында оқу сабақтарының аяқталуы - 2019 жылғы    25 мамыр;
2)  9 (10) сыныптарда білім алушылардың қорытынды бітіру
 емтихандары – 2019 жылғы 27 мамыр - 6 маусым, мемлекеттік бітіру емтихандары - 2019 жылғы 28 мамыр - 30 маусым аралығында.
2. 9 (10) сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттауды мынадай мерзімдерде тапсырады:
  1. таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) ауызша емтихан – 2019 жылғы 27 мамыр;
  2. орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын
     мектептерде қазақ тілінен ауызша емтихан және қазақ тілінде
     оқытатын мектептерде орыс тілінен ауызша емтихан - 2019 жылғы                             30 мамыр;
  3. ана тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) (гуманитарлық циклдегі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептердің білім алушылары үшін – шығарма, қалған білім алушылар үшін - диктант) –                 2019 жылғы 3 маусым;
4) математикадан жазбаша емтихан - 2019 жылғы 6 маусым.
11 (12) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауды мынадай мерзімдерде тапсырады:
1) ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) жазбаша емтихан –                             2019 жылғы 28 мамыр;
2)  таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология,
 география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі
 (ағылшын,  француз,  неміс),информатика) тестілеу – 2019 жылғы
 31 мамыр;
3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын
 мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын
 мектептерде орыс тілінен тестілеу - 2019 жылғы 31 мамыр;
4) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан- 2019 жылғы 4 маусым;
5) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан - 2019 жылғы 7 маусым.
3. Білім алушыларды қайта қорытынды аттестаттау 2019 жылғы 10 - 30 маусым аралығында өткізіледі.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті:
1) 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін емтихан тапсырмаларының пакеттерін дайындауды және облыстардың, Астана,  Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына, сондай-ақ республикалық мамандандырылған орта білім беру ұйымдарындағы 9 (10) және 11 (12) сыныптары білім алушылары үшін 2019 жылғы 23 мамырға дейін жеткізуді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
         Білім және ғылым министріЕ. Сағадиев
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 05.02.2019
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 18261 болып енгізілді
Результаты согласования
Министерство образования и науки РК - заместитель директора Ахан Хамерил-Заманович Жарменов, 22.01.2019 16:14:32, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - Заместитель Министра МЮ РК Эльвира Абилхасимовна Азимова, 24.01.2019 17:53:55, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
Министерство образования и науки РК - Министр Ерлан Кенжегалиевич Сагадиев, 30.01.2019 18:15:42, положительный результат проверки ЭЦП
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив