23
февраль
2024
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК 2024 жылғы 26-29 ақпан аралығында жалпы білім беретін мектептер арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша «Ақбота» зияткерлік олимпиадасын өткізеді
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК 2024 жылғы 26-29 ақпан аралығында жалпы білім беретін мектептер арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша «Ақбота» зияткерлік олимпиадасын өткізеді (бұдан әрі – Олимпиада).
Олимпиада оқушыларды гуманитарлық пәндерді тереңірек зерттеуді ынталандыруға, тарих, әдебиет, әлеуметтік ғылымдар, тіл білімі және т.б. пәндерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізіледі.
Конкурстың Ережесі www.daryn.kz сайтында орналастырылған.
Олимпиадаға Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының 1-10 сынып оқушылары қатыса алады.
Олимпиадаға қатысу ерікті түрде жүзеге асады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген оқушылар https://games.daryn.kz/ сайтында 2024 жылдың 19 ақпанынан бастап тіркеуден өте алады. Тіркелу барысында әрбір қатысушы өзінің жеке электрондық поштасын ғана қолдануы қажет.
Олимпиада ағымдағы жылдың 26 ақпанында (Астана уақытымен) сағат 09:00-ден басталып, 2024 жылдың 29 ақпанында 20:00-де аяқталады. Қатысушылар олимпиада тапсырмаларын өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта, жоғарыда көрсетілген мерзім аралығында орындай алады.
Қатысушыларға жеке компьютер немесе ноутбук, сондай-ақ Google Chrome браузерін ғана пайдалануға кеңес беріледі. Конкурс аяқталғаннан кейін қатысушылар жинаған ұпайлары мен алған орындарын 2024 жылдың 4 наурызында https://games.daryn.kz/ сайтындағы жеке кабинеттеріне кіру арқылы көре алады.