Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
«Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 467-29-59
Дир.орынбасары:
+7(747) 422-98-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
Диктант ко Дню Республики на тему "Мой Казахстан"
19
октябрь
2022
Диктант ко Дню Республики на тему "Мой Казахстан"
19 октября в КГУ "Жаркынская СОШ" учащиеся 5-11 классов написали диктант ко Дню Республики на тему "Мой Казахстан". Цели: Уважительное отношение к ценностям и принципам государства, формирование национального единства и укрепление общественного согласия. Воспитание любви к Родине и чувства патриотизма. Ценить и беречь природу. Учителя русского языка и литературы: А.С. Токтаубаева, А.Е.Толеукина
"Менің елім-Қазақстан" атты тәрбие сағаты
18
октябрь
2022
"Менің елім-Қазақстан" атты тәрбие сағаты
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде 18.10.2022ж күні 2 -сынып оқушыларымен "Менің елім-Қазақстан" атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Отанымызды сүюге, құрметтеп қастерлеуге тәрбиелеу. Жауапты: А.О.Серкешбаева
"Алтын күз" мерекесі
14
октябрь
2022
"Алтын күз" мерекесі
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде 14.10.2022ж күні Бастауыш сынып арасында мектепшілік "Алтын күз" мерекесі өтті. Мақсаты:Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін түсіну. Табиғатты аялауға, әдемілікті көре білуге,сезінуге тәрбиелеу. Жауапты: А.О.Серкешбаева
"Электронды темекінің зияны" тақырыбындағы тәрбие сағаты
08
октябрь
2022
"Электронды темекінің зияны" тақырыбындағы тәрбие сағаты
8.10.2022ж күні Жарқын орта мектебінің 7,8,9 сынып оқушыларына психоактивті заттарды пайдаланудың алдын алу мақсатында "Электронды темекінің зияны" тақырыбындағы тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты барысында мектептің педагог-психологы А.Оразбаева электронды темекінің құрылысы, зиянды қоспалары және денсаулыққа әсері жөнінде түсіндіріп өтті. Шет елдерде ресми тіркелген вейпсиндром салдары жөнінде бейнебаяндар көрсетілді. Оқушыларды зиянды әдеттерден сақ болуға шақырды.
"Қарттарым- асыл қазынам" атты тәрбие сағаты
01
октябрь
2022
"Қарттарым- асыл қазынам" атты тәрбие сағаты
"Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, "Балдырған" шағын орталығы ортаңғы топ тәрбиеленушілерінің арасында 1 қазан Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай "Қарттарым- асыл қазынам" атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: балалардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
"Қарттарым-асыл қазынам" атты ертеңгілік
30
сентябрь
2022
"Қарттарым-асыл қазынам" атты ертеңгілік
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде 1 қазан қарттар күніне орай "Балдырған" шағын орталығының ересектер тобында "Қарттарым-асыл қазынам" атты ертеңгілік ұйымдастырылды. Мақсаты: балаларды үлкенге құрмет көрсетуге, сыйластыққа тәрбиелеу. Тәрбиешілер: Л.Аязбаева, Н.Нұрғалиева.
"Аяулы ұстазым" атты мерекелік кеш
30
сентябрь
2022
"Аяулы ұстазым" атты мерекелік кеш
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде 30 кыркүйек күні "Аяулы ұстазым" атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кеште мектебіміздің оқушылары ұстаздарға арнап өз өнерлерін көрсетті. Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту. Жауаптылар: М. Н. Ережепова, А. Е. Толеукина
«Дублер күні» өзін-өзі басқару   күні
30
сентябрь
2022
«Дублер күні» өзін-өзі басқару күні
2022 жылдың 30-шы қыркүйегінде Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде мұғалімдер күніне арналған «Дублер күні» өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында мектепте білім алушылардың өзін-өзі басқару күнін ұйымдастырылды . Оқушылар ұстаздық мамандықты бағалап, өздерің мұғалім ретінде сезініп, жауапкершілік танытып сабақтар өткізді. Тәлімгер: Садуова А.Ж
"Қарттарым, аман-сау жүрші!" мерекелік кеш
28
сентябрь
2022
"Қарттарым, аман-сау жүрші!" мерекелік кеш
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде 28 қыркүйек күні халықаралық қарттар күніне орай "Қарттарым, аман-сау жүрші!" атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кеште мектебіміздің оқушылары ауыл қарттарына арнап өз өнерлерін көрсетті. Мақсаты: Жас жеткіншектерді үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, құрметтеуге, халқының дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. Жауапты; Б.Калидоллакызы
"Заманның заңғар жазушысы" танымдық сабақ
28
сентябрь
2022
"Заманның заңғар жазушысы" танымдық сабақ
28 қыркүйек заманның заңғар жазушысы М.Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай "Заманның заңғар жазушысы" тақырыбында танымдық сабақ, кітапханада "Дәуірдің дара тұлғасы" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар М.Әуезов өмірі бойынша тың деректермен танысып, шығармашылығының өміршеңдігі туралы мәліметтер алды. Жауаптылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.С.Заманбекова, кітапханашы А.Ж.Садуова. #М.Әуезовтың туғанына 125 жыл#