Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
«Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 467-29-59
Дир.орынбасары:
+7(747) 422-98-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Оқушылардың танымдық іс әрекетін арттыруда сандық білім беру платформаларын қолданудың тиімділігі " тақырыбында шебер сынып
03
ноябрь
2022
"Оқушылардың танымдық іс әрекетін арттыруда сандық білім беру
3 қараша күні Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде "Оқушылардың танымдық іс әрекетін арттыруда сандық білім беру платформаларын қолданудың тиімділігі " тақырыбында шебер сынып өткізілді. Ұстаздарға цифрлық платформаларда жұмыс жасау көрсетілді. Жауаптылар: М. Н. Ережепова, М. А. Каукенова
"Күз көріністері" тақырыбына сурет салу
03
ноябрь
2022
"Күз көріністері" тақырыбына сурет салу
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде 3 қараша күні мектеп жанындағы"Жасдәурен" лагерінде "Күз көріністері" тақырыбына сурет салу жұмысы ұйымдастырылды. Мақсаты: Берекелі күз мезгілінің ғажаптары туралы түсінік беру. Қоршаған ортаның әсемдігін бағалауға тәрбиелеу. Жауапты: Б.К.Калидолла.
"Менің достарым" тренингі
03
ноябрь
2022
"Менің достарым" тренингі
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде 3 қараша күні "Жасдәурен" лагерінде "Менің достарым" тренингі ұйымдастырылып, лагерь жұмысы қорытындыланды. Мақсаты: Досқа құрмет көрсетуге, достыққа адал болуға тәрбиелеу. Жауапты:Ж.С.Заманбекова#күзгілагерь#
"Көңілді старт" спорттық эстофетасы
02
ноябрь
2022
"Көңілді старт" спорттық эстофетасы
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде"Жасдәурен" күзгі лагері өз жұмысын бастады. Лагердің алғашқы күнінде балаларға лагердің жұмыс жоспары таныстырылып, "Көңілді старт" спорттық эстофетасы болды. Мақсаты: Денсаулықты нығайтуға, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Жауапты: Ж.С.Заманбекова , Б.М.Какебаев.
"Дарабоз" топтық сайысы және мұражайға саяхат күні
02
ноябрь
2022
"Дарабоз" топтық сайысы және мұражайға саяхат күні
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде 2 қараша күні лагерь қатысушыларымен "Дарабоз" топтық сайысы және мұражайға саяхат күні ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды білімге ұмтылуға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Жауапты:Ж.С.Заманбекова.
"Шерхан Мұртазаның шымыр сөздері" тақырыбында танымдық сабақ
20
октябрь
2022
"Шерхан Мұртазаның шымыр сөздері" тақырыбында танымдық сабақ
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде 20 қазан күні Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай "Шерхан Мұртаза шығармашылығы және тәуелсіз ел руханияты" атты бірыңғай күн аясында"Қазақ сөз өнерінің наркескені" атты таныстырылым және"Шерхан Мұртазаның шымыр сөздері" тақырыбында танымдық сабақ ұйымдастырылды. Мақсаты: қазақ әдебиетінде өшпес із қалдырған Шерхан Мұртаза өмірі мен шығармашылығы, Шерхан шығармаларының өміршеңдігі туралы мәлімет беру. Ұлтын сүйетін ел азаматтары болуға
"Алтын күз" ертеңгілік
20
октябрь
2022
"Алтын күз" ертеңгілік
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде 20.10.2022 ж күні «Балдырған» шағын орталығының ортаңғы тобында «Алтын күз» ертеңгілігі өтті. Мақсаты: Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Ұйымшылдыққа, табиғатты сүюге тәрбиелеу. Тәрбиеші: Малгаждарова К. С.
«Халық бірлігінің ұлы күші » тақырыбында  мектеп кітапханасында кітап көрмесі
19
октябрь
2022
«Халық бірлігінің ұлы күші » тақырыбында мектеп кітапханасында кітап
19 қазан күні Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде 25 қазан Республика күніне орай «Халық бірлігінің ұлы күші » тақырыбында мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік, патриотизм мен Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету.
"Отбасылық спорттық эстафета"
19
октябрь
2022
"Отбасылық спорттық эстафета"
"Жарқын ЖОББМ"КММ 25 қазан Республика күніне орай 2-4 сынып арасында "Отбасылық спорттық эстафета" болып өтті. Сайыс бес кезеңге бөлінді. Сайыс қорытындысы бойынша "Бас жүлде","Достық" тобы (77 ұпай) Сағадиевтар отбасы, 1 орын "Тұлпар" тобы(72 ұпай) Заманбековтар отбасы,2 орын "Ұшқын"тобы(64 ұпай) Шаянбаевтар отбасы,3 орын "Қыран" тобы(62ұпай)Амангелді отбасы иеленді. Ұйымдастырушы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Б.Какебаев.
25 қазан-Республика күніне арналған "Атамекен" тақырыбында бірыңғай диктант
19
октябрь
2022
25 қазан-Республика күніне арналған "Атамекен" тақырыбында бірыңғай
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде 19 қазан күні 5-11 сыныптар арасында 25 қазан-Республика күніне арналған "Атамекен" тақырыбында бірыңғай диктант алынды. Мақсаты: оқушылардың елге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Жауапты мұғалімдер: Н.О.Шаянбаева, Ж.С.Заманбекова