21
ноябрь
2025
“My Amazing Travels” тақырыбындағы ашық сабақ
21.11.2025 ж. ағылшын тілі пәнінен 7-сыныптарда “My Amazing Travels” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамыту, саяхат тақырыбы бойынша жаңа сөздерді меңгерту және өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Сабақ барысында оқушылар жұптық және топтық жұмыстар орындап, диалог құрып, саяхат туралы қысқаша әңгімелер құрастырды. Сабақ интерактивті әдістер арқылы ұйымдастырылып, оқушылардың қызығушылығын арттырды.