Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
«Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 467-29-59
Дир.орынбасары:
+7(747) 422-98-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131
03
сентябрь
2019

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысы
      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары бекітілсін.
       2. «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1077 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 955-құжат) күші жойылды деп танылсын.
       3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
      Қазақстан Республикасының
  Премьер-Министрі К.Мәсімов
  Қазақстан Республикасы 
  Үкіметінің 
 2015 жылғы 30 желтоқсандағы
  № 1131 қаулысымен 
  бекітілген 
   Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары
   1. Жалпы ережелер
 1. Осы Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының3-тармағына сәйкес әзірленген және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу тәртібін анықтайды.
  2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді.
  Біржолғы ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу мынадай мөлшерде белгіленеді:
  1) сыбайлас жемқорлыққұқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша - 30айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);
  2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлыққылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 40 АЕК;
  3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 50 АЕК;
  4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 70 АЕК;
  5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 100 АЕК.
  Осы Қағидалардың9-тармағында көзделген жағдайларда, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер белгіленуі мүмкін.
  3. Қөтермелеуді қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
   2. Көтермелеудің шарттары, негіздері және тәртібі
 4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу:
  1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды;
  2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;
  3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем беруді қамтиды.
  5. Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты:
  1) әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген;
  2) айыптау үкімі заңды күшіне енген;
  3) ақталмайтын негіздер бойынша істі қысқарту туралы қаулы шығарылған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
  6. Адамды көтермелеу туралы материалдарды «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы19-бабының және 22-бабының2-тармағында көрсетілген органдар (бұдан әрі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын органдар) көтермелеуге құқығы пайда болған күннен бастап он бес жұмыс күн ішінде қалыптастырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жібереді және мынадай:
  1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органның өтініші;
  2) ақпаратты есепке алу кітабында, сотқа дейінгі тергеп-тексерудіңбірыңғай тізілімінде тіркелген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі жөніндегі адамның өтініші туралы арыздың, сондай-ақ ақпараттың көшірмесі немесе адамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге жәрдем бергенін растайтын өзге де құжаттар;
  3) әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттаманың немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау туралы қаулының көшірмесі;
  4) заңды күшіне енген әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысының көшірмесі;
  5) сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасының, заңды күшіне енген айыптау үкімінің не ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының көшірмесі қамтылуы тиіс.
  6) біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу үшін адамның жеке басын куәландыратынқұжаттың және жеке немесе өзге шоттың банктік деректемелерінің көшірмелері.
  7. Осы Қағидалардың6-тармағында көзделген материалдар келіп түскеннен кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы бес жұмыс күні ішінде адамға біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу үшін негіз болып табылатын көтермелеу туралы бұйрықты шығарады.
  8. Біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу көтермелеу туралы бұйрық шыққан күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде адамның жеке немесе өзге шотына аудару арқылы жүргізіледі.
  9. Біржолғы ақшалай сыйақыны төлеуден бас тартқан жағдайда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де түрде жәрдемдесетін адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органға тиісті өтініш береді.
  Бұл ретте жедел-тергеу бөлімшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының алдында адамды грамотамен марапаттау немесе оған алғыс жариялау туралы өтініш жасауы мүмкін.

 
 
 
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив