19
октябрь
2019
«Жастар жылы» аясында мектеп оқушылары арасында өткен баскетбол жарысы
Қазан айының 19-ы күні Шүлбі қаласында баскетболдан «Жастар жылы» аясында мектеп оқушылары арасында ШҚО, Семей қаласы бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің Біріншілігі ұйымдастырылды . Осы жарыстың бас төрешісі ,әрі хатшысы Б. Какебаев пен Д .Исмурзиннің басқаруымен Шүлбі мектеп кешені, Бұлақ орта мектебі, Шүлбі орта мектебі , Түрксіб орта мектебі, Ибраев атындағы орта мектебі және Жарқын орта мектеп командалары өзара жеңімпазды анықтады. Жарыс қортындысы бойынша Жарқын ОМ- І орын, Шүлбі МК- ІІ орын, Түрксіб ОМ -ІІІ орын кубоктарымен марапатталды. Осы сайыс бойынша үздік ойыншылар да анықталды. «Үздік қорғаушы» Абжиков Мирас, «Үздік шабуылшы» Заматаев Жан, «Үздік нәтижелі ойыншы» Хызырбекұлы Оңғар және жарыстың «Үздік ойыншысы» Мұратбек Ерасыл арнайы мадақтамамен марапатталды.




