Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
«Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 467-29-59
Дир.орынбасары:
+7(747) 422-98-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Дублер күні» өзін-өзі басқару   күні
30
сентябрь
2022
«Дублер күні» өзін-өзі басқару күні
2022 жылдың 30-шы қыркүйегінде Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде мұғалімдер күніне арналған «Дублер күні» өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында мектепте білім алушылардың өзін-өзі басқару күнін ұйымдастырылды . Оқушылар ұстаздық мамандықты бағалап, өздерің мұғалім ретінде сезініп, жауапкершілік танытып сабақтар өткізді. Тәлімгер: Садуова А.Ж
"Қарттарым, аман-сау жүрші!" мерекелік кеш
28
сентябрь
2022
"Қарттарым, аман-сау жүрші!" мерекелік кеш
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде 28 қыркүйек күні халықаралық қарттар күніне орай "Қарттарым, аман-сау жүрші!" атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кеште мектебіміздің оқушылары ауыл қарттарына арнап өз өнерлерін көрсетті. Мақсаты: Жас жеткіншектерді үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, құрметтеуге, халқының дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. Жауапты; Б.Калидоллакызы
"Заманның заңғар жазушысы" танымдық сабақ
28
сентябрь
2022
"Заманның заңғар жазушысы" танымдық сабақ
28 қыркүйек заманның заңғар жазушысы М.Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай "Заманның заңғар жазушысы" тақырыбында танымдық сабақ, кітапханада "Дәуірдің дара тұлғасы" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар М.Әуезов өмірі бойынша тың деректермен танысып, шығармашылығының өміршеңдігі туралы мәліметтер алды. Жауаптылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.С.Заманбекова, кітапханашы А.Ж.Садуова. #М.Әуезовтың туғанына 125 жыл#
"Талант" оқушылар ғылыми қоғамының ұйымдастыруымен 2-7 сыныптар арасында мектепшілік ғылыми жобалар сайысы
27
сентябрь
2022
"Талант" оқушылар ғылыми қоғамының ұйымдастыруымен 2-7 сыныптар
27 қыркүйек күні Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде "Талант" оқушылар ғылыми қоғамының ұйымдастыруымен 2-7 сыныптар арасында мектепшілік ғылыми жобалар сайысы өтті. Сайысқа 7 жоба қатысты. Соның ішінде биология секциясы бойынша 1-орынды Бақытқазы Нұрай, 2-орынды валеология секциясы бойынша Мұқатаева Нұрай, 3- орын қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша Мұхитқызы Жангүлім, биология секциясы Мұрат Нұрсұлтан жеңіп алды.
Балдырған шағын орталығында "Мүсіндеу " оқу қызметі өтті.
08
апрель
2022
Балдырған шағын орталығында "Мүсіндеу " оқу қызметі өтті.
08.04.2022ж күні "Балдырған" шағын орталығының ересек тобында "Мүсіндеу" оқу қызметі өтті. Оқу қызметінің мақсаты: Тәрбиеленушілердің ұсақ қол моторикасын, ойлауын дамыту, ұқыптылыққа, қиын түстерді ажыра білуге үйрету. Оқу қызметі барысында тәрбиеші Нургалиева Нағима тәрбиеленушілерге түрлі-түсті қағаздан қиылған түлкінің дене мүшелерінің қимасын таратып, балаларға оны ақ қағаз бетіне құрастырып, жапсыруға тапсырма берді. Оқу қызметі барысында тәрбиеленушілер жұмбақтар шешіп, сергіту сәттерін
Жасдәурен лагері марапаттау
06
апрель
2022
Жасдәурен лагері марапаттау
06.04.2022ж күні Жарқын жалпы орта мектебінде көктемгі каникул кезінде 1-5 сынып аралығында жүргізілген ,,Жасдәурен,, онлайн лагеріне белсенділікпен қатысқан балаларды шағын сыйлықтармен марапаттау салтанаты өтті.Лагерь жетекшісі А.Оразбаева
2 сәуір  халықараралық балалар кітабы күні
31
март
2022
2 сәуір халықараралық балалар кітабы күні
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде 31 наурыз күні 2 сәуір – халықаралық балалар кітабы күніне арналған кітап көрмесі өтті. Мақсаты: Кітаптың сарқылмас рухани қазына екенін, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Ата-аналар арасында балаларға кітап оқудың қажеттілігін насихаттау.Кітапханашы А.Садуова
Мұражайға онлайн саяхат
28
март
2022
Мұражайға онлайн саяхат
28.03.2022ж күні ,, Жасдәурен,, көктемгі онлайн лагерінде жоспарға сай балалар мұражайларды тамашалап, ҚР Ұлттық музейіне, Жидебайдағы Абай мұражайына, Абайдың рухани орталығына виртуалды саяхат жасады. Лагер жетекшілері А.Оразбаева М.Бекенова #көктемгілагер