25
январь
2020
Еске алу
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде мезгілсіз ортамыздан кеткен ардақты ұстаз, аяулы әріптес, мықты дос бола білген Мақсат Әлімғазыұлын және Қайрат Сылдырбайұлын еске алу кеші болып өтті. Кешке Мақсат Әлімғазыұлы мен Қайрат Сылдырбайұлының отбасы, туыстары, жолдастары, шәкірттері, курстастары, өмірде сыйласқан жолдастары шақырылды. Ұстаздардың өмір жолын, шығармашылығын мектеп оқушылары, әріптестері таныстырды. Кешке Семей қалалық білім бөлімінің бас маманы Айнұр Серғалиқызы қатысты. Қайрат Сылдырбайұлының шәкірттері Назарбаев Зияткерлік мектебінің математигі Шолтық Нартай Советханұлы, Рамазанов Еркебұлан Қайрат Сылдырбайұлының оқушыға қиын есепті оңай жолмен шығарудың жолын үйретіп, математиканың қыр сырын үйреткен ұлы ұстаз екендігіне тоқталды. Мақсат ағаның інілері дәстүрлі әншілер Ахметов Мейрамбек, Ахмадиев Данияр Мақсат Әлімғазыұлының әні мен сөзіне жазылған «Сатбаевтың самалы» , «Аппақ суат» әндерін орындады. Мектеп директоры Гүлжаухар Халелқызы аға ұстаздардың мектептегі жетістіктері мен ерен еңбектеріне тоқталды. Кеш соңы Мақсат Әлімғазыұлының сөзіне жазылған «Жарқынның ұландары» атты оқушылар гимнімен аяқталды. .
В Жаркынской СОШ прошел вечер памяти учителям Максат Әлімғазыұлы и Қайрат Сылдырбайұлы. В вечере пришли семьи, родственники, ученики, однокурсники, друзья Максат Әлімғазыұлы и Қайрат Сылдырбайұлы. Жизнинный путь учителей их творчества ознакомили ученики и коллеги школы. В Вечере присутствовал главный специалист отдел образования г.Семей Айнұр Серғалиқызы.