17
октябрь
2019
«Аяулы күз, алтын күз - 2019» cайысы
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде 17 қазан күні 5-8 сыныптар арасында «Аяулы күз, алтын күз - 2019» атты сайыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін арттыру, шығармашылық жұмыс жүргізуге ынтасын арттыру, табиғатты аялауға баулу және ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға сала білуге тәрбиелеу болды.
Сайыс 4 бөлімнен тұрды. Сайыс барысында оқушылар өздерін, киім үлгілері мен қолөнерлерін қалай жасағанын таныстырып өтті. Өз өнерлерін көрсетіп, күзге байланысты сұрақтарға жауап берді. Әр сынып берілген құрал-жабдықтармен оқушыларға сәнді киім үлгісін жасады. Барлық сынып белсенділікпен қатысты.Сайыс соңында қатысушылар жүлделі орындармен марапатталды.
Жауапты: 7-сынып жетекшісі Смагулова А.Н.