03
октябрь
2019
"Экологиялық сағат"
Республикалық экологиялық сағат іс-шарасына орай Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде арнайы жоспары құрастырылды. Жоспарға сәйкес 2019 жылдың 03 қазанында сағат 12-00де 1-4 сыныптар арасында "Экологиялық сағат" тақырыбында тәрбие сағаты жүргізілді. Оқушылар тәжірибе жасай отырып, қоршаған ортаны қорғау бойынша өз ойларымен бөлісті. 5-8 сыныптар арасында сағат 15-00де "Экологиялық ассорти" атты танымдық іс-шара өткізілді. Оқушылар бейнебаянды көре отырып, тақырып бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Жұптық тапсырмаларды орындау арқылы Жердің халқы және әлемде көмірқышқыл газ шығарындыларының көлемі қалай өзгергендіктерін график түрінде сызып көрсетті. Өз пікірлерімен бөлісті. Ауылымыздың ауасының ластануынын себептерін айқындай отырып, шешу жолдарын ұсына алды. Экологиялық ант қабылдады. Іс-шара соңында оқушылар жасыл желек отырғызып, құстарға арналған ұяларын мектеп ауласына ілді. Өткізілген іс-шараға жалпы 88 оқушы қатысты.














