17
сентябрь
2019
«Ұлы даланың жеті қыры» жылжымалы көрме
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебіне 17.09.2019 күні сағат 12.00-де Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері Толеубаева Анар Маратовна «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында жылжымалы көрме әкелді. Көрмемен мектептің 1-11 сынып 93 оқушысы танысты. Тұңғыш президент Н.А.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы жайлы және мақалада атталған тарихымыз туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, тілін, дінін еске алу мақсатында өткізілді. Оқушылар көптеген мәліметтер алды.





