22
февраль
2023
"Балдырған "шағын орталығының ересек тобында " Тұрмыстық техника" тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті өтті.
Жарқын мектебінде 22 ақпан күні "Балдырған "шағын орталығының ересек тобында ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті өтті. Мақсаты: Балалардың тұрмыстық техника жөніндегі ұғымдарын дамыту; сөйлеудің әңгіме түрімен оның құрылу мазмұны жөнінде білімдерін жетілдіру; тұрмыстық техника түрлерінің адам өмірінде алған орны туралы мағлұматтар жиынтығын ұсыну; тұрмыстық техниканың адамға маңызды көмекші құрал екеніне көз жеткізу, техниканы күту ережелері туралы жалпы мағлұмат беру.Балаларға әңгіме мазмұнын еске сақтап ,мәтінге жақын әңгімелеуге үйрету,тұрмыстық техника түрлерінің адам өмірінде алатын орны жөнінде өздігінен жауаптарды құрастыру қабілетін арттыру; мазмұндау барысында байланыстыра сөйлеу, шығармашылық сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; зейін,еске сақтау, құлақпен тыңдау, елестету және сахналау қабілеттерін дамыту. Балалардың әңгіме жанрына кұштарлығын дамыту,адам еңбегін құрметтеуге , техниканы күтуге баулу .