19
октябрь
2022
«Халық бірлігінің ұлы күші » тақырыбында мектеп кітапханасында кітап көрмесі
19 қазан күні Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде 25 қазан Республика күніне орай «Халық бірлігінің ұлы күші » тақырыбында мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік, патриотизм мен Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету. Кітапханашы: А.Ж.Садуова