06
январь
2021
Қысқы каникулда өткізілген іс-шаралар
6 қаңтар күні "Талап қыл артық білуге, артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге" атты 8-10-сынып арасында қысқы демалыста оқыған көркем шығармалары негізінде танымдық шара өтті. Оқушылар өздері оқыған көркем шығарма авторы туралы ізденіс жұмыстарымен, кейіпкерге жазған хаттарымен бөлісті. 8-сыныптың кітап оқуға басқа оқушыларды шақыру мақсатындағы жарнамалары сәтті болды. Оқушылар іс-шараға қызығушылықпен қатысты. "Үздік оқырман", "Үздік кейіпкерге хат", "Үздік жарнама" аталымымен жеке оқушылар, сыныптар марапатталды.