17
февраль
2020
«Жеңіс рухы мәңгі асқақ» атты соғыс және тыл ардагерлерімен кездесу
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына арналған «Жеңіс рухы мәңгі асқақ» атты соғыс және тыл ардагерлерімен кездесу болып өтті. Кездесуге Семей қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Айтмұрзаұлы Доғалақов және соғыс ардагері Рахимбаев Асқар Қуандықұлы және зейнеткер полковник Қалиақпаров Шаймардан Ақмарұлы қатысты. Ардагерлер «Өлкетану» мұражайы және мектеп жылыжайында болып, мектеп өмірімен таныса келе оқушылар ұйымы дайындаған мерекелік іс-шараға қатысты. Оқушыларға өнеге , өсиет қалдыра отырып, мектеп ұжымына риза болды. Мектеп директоры Гүлжаухар Халелқызы ардагер аталардың келешек ұрпаққа берер өнегесі мол екендігін айта келе, зор алғыс білдірді. В Жаркынской СОШ прошла встреча с ветеранами тыла и войны по теме «Жеңіс рухы мәңгі асқақ» в честь 75 летие Великой Победы. На встрече участвовали пенсионер, полковник Қалиақпаров Шаймардан Ақмарулы, ветеран войны Рахимбаев Асқар Қуандықулы и начальник Семейского городского ветеранского комитета Амантай Айтмұрзаулы Доғалаков. Ветераны посетили музей «Өлкетану» ознакомились с школьной жизнью учеников и посмотрели праздничное мероприятие. Выразили свою благодарность ученикам. Директор школы Гүлжаухар Халелқызы выразила свою благодарность ветеранам.








