07
февраль
2020
діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөнінде жүргізілген жұмыстар туралы
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөнінде
жүргізілген жұмыстар туралы
Ақпарат
Мектеп оқушылары және ұжым арасында дағдарыс жағдайындағы, оның ішінде террорлық акт жасалған және жасалу қаупі туындаған кездегі, жарылғыш құрылғы табылған жағдайдағы әрекеттер, эвакуация тәртібі бойынша сабақ өткізілді. Жалпы 45 оқушы , 16 жұмысшы қызметкерлер қамтылды. Оқушыларға «Күдікті заттарды байқаған кездегі қысқаша ұсынымдар», «Әулетіңе кір келтірме», «Жасырын қоңырау шала отырып, сен қылмыстық жауаптылыққа ұшырайсың», «Ата-ананың қателіктеріне бала жауапты емес» атты бейнебаяндар көрсетілді.

