07
октябрь
2025
«Толағай» отбасылық сайысы
Жарқын жалпы орта білім мектебінде Отбасы күніне орай 1-4 сыныптар арасында «Толағай» отбасылық сайысы өткізілді.
Мақсаты: отбасылық құндылықтарды нығайту, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сенімді арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалардың спортқа деген қызығушылығын ояту және отбасы мүшелерінің бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау.
Сайысқа Битемировтар отбасы «Сұңқар» тобы, Амангелділер отбасы «Қыран» тобы, Ибраевтар отбасы "Алғыр" тобы қатысты
Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата - ана шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасаң зор.
Сайыс нәтижесінде Ибраевтар отбасы"Алғыр" тобы «Үздік спорттық отбасы» номинациясымен, Амангелділер отбасы «Қыран»тобы «Шапщаң әрі батыл отбасы» номинациясымен, Битемировтар отбасы «Сұңқар» тобы «Ең ұйымшыл отбасы», номинациясымен марапатталды.
Ұйымдастырушы: «Жас маман» дене шынықтыру пәні мұғалімі Әмет Ғалбиат