

















Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінде,
«Рухани жаңғыру – болашағымыздың бастауы» ,
«Бір күн ауылда» бағдарламасы аясында, жастардың кіндік қаны тамған жеріне, өскен ауылына, қала мен өңіріне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін нығайту, оқушылар арасында ынтымақтастық орнату мақсатында іс-шара болып өтті. Шара Семей қаласы Т.Аманов атындағы мектептің оқушыларымен бірлесе ұйымдастырылды. Іс –шараны Жарқын орта мектебінің «Жас Ұлан» ұйымымен «Адал ұрпақ» клубының мүшелері ұйымдастырды. Т.Аманов атындағы орта мектебінен 20 бала, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанар Түлкібайқызы бастатқан оқушылар келді. Екі мектеп оқушылары Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өз іс-тәжірибелерін көрсетіп, тың ойлармен бөлісті. Мектеп оқушыларының қол өнерімен «Рухани жаңғыру сарайы» макетін тамашалады. Келген оқушылар мектептің тыныс тіршілігімен таныса отырып, мәнерлеп оқу, ән-би, жырларымен рухани байып, шаттанып қайтты. Мектеп директоры Гүлжаухар Халелқызы кездесудің екі мектеп үшін маңызы зор екенін айта келіп, қорытындылады. Соңы ауыл сыртындағы жағылған «Достық алауын» жағумен аяқталды.
В Жаркынской СОШ прошло мероприятие под названием «Один день в деревне», в рамках
«Рухани жаңғыру – болашағымыздың бастауы». Мероприятие было организовано вместе с учениками школы № 16 им. Аманова. На мероприятие участвовали все ученики Жаркынской школы члены клуба «Адал ұрпақ» и «Жас Ұлан». С №16 школы пришли 20 учеников, завуч по воспитательной работе Жанар Түлкібайқызы. Обе школы показали свои выступления в рамках программы Рухани жаңғыру. Директор школы Гүлжаухар Халелқызы отметила данное мероприятие как хорошее начало совместной работы по дружбе детей. Ученики школы показали свой макет под названием «Рухани жаңғыру сарай». Мероприятие закончилось разжиганием дружеского костра.