24
январь
2023
"Көптік инттелект тесті"
24.01.2023ж күні Жарқын орта мектебінде орта және жоғары сынып арасынан бірнеше қабілетті оқушылар таңдалынып алып Гарвард университетінің профессоры, психолог Говард Гарднердің теориясы бойынша "Көптік инттелект тесті" қолданылды. Профессордың айтуы бойынша мүлдем қабілеті жоқ оқушылар болмайды, тек оны дұрыс анықтай білу керек екен. Сауалнаманы қолданудағы мақсат оқушының қызығушылықтарын, бейімділіктерін және қандай интеллект түрінің басым екендігін анықтау. Сауалнама қорытындысы бойынша нәтижелер, қатысқан оқушыларға мамандықты дұрыс таңдау керектігіне ой салды. Бұл тестті мектептің барлық оқушыларына қолданып, әр балаға ерекше қарым-қатынас жасау арқылы, қабілетті оқушылардың қатарын көбейту жоспарланды. Сауалнаманы жүргізген педагог-психолог А.Оразбаева

