23
январь
2024
«Мен және өзгелер» ұлттық құндылықтар бастауы атты іс-шара өтті.
«Балдырған» шағын орталығының ортаңғы топ тәрбиеленушілерінің арасында «Даналық мектебі» жұмысының жоспары бойынша «Мен және өзгелер» ұлттық құндылықтар бастауы атты іс-шара өтті. Мақсаты: Тәрбиеленушілерді елжандылыққа, өнер сүюге, ұлттық салт-дәстүрімізге баулу. Құрақ құрау әдісін үйрету, тұрмыста алатын орны жайлы білім беру. Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Жауапты: Малгаждарова К.С.









