АРТ-ТЕРАПИЯ - өнер (сурет салу, мүсіндеу, музыка, би) арқылы
🎨 АРТ-ТЕРАПИЯ - өнер (сурет салу, мүсіндеу, музыка, би) арқылы эмоцияларды шығару және ішкі жан дүниені емдеу. ✨ Оқушылардың эмоциясын, көңіл күйін, ішкі жан дүниесін шығармашылық арқылы білдіруге көмектесетін еркін тақырыпта арт-терапия әдісін өткіздік. ✨ Жұмыс барысында оқушылар өз көңіл-күйлерін түрлі түстер арқылы бейнелеп, ішкі әлемдерін суретке түсірді. Әрбір жұмыс – баланың жан дүниесінің көрінісі екенін байқадық. 🌿 Арт-терапия – баланың жан дүниесіне жол табудың тиімді тәсілі.